(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 21.04.03 Ж. № 127 ҚАУЛЫСЫ

Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы

ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысы

(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.08.03 ж. N 285 қаулысымен

енгізілген өзгерістерімен)



Осы редакция ҚР ҰБ Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеудi жетiлдiру мақсатында және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерiн Ереженiң 2, 4, 5 және 9-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келтiрсiн;

2) осы қаулы күшiне енген күннен бастап үш айдың iшiнде бiр эмитенттiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына, екiншi деңгейдегi бiр банктегi салымдарға инвестициялардың және кассадағы ақша қалдығының мөлшерiн Ереженiң 10 және 12-тармақтарының талаптарына сәйкес келтiрсiн.

4. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.