(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 Ж. 4 МАУСЫМДАҒЫ № 430-II ЗАҢЫ

Денсаулық сақтау жүйесі туралы 2003 жылғы 4 маусымдағы N 430-ІІ

Қазақстан Республикасының Заңы

Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу (5 - 13 баптар)
3-тарау. Денсаулық сақтау субъектілері (14 - 15 баптар)
4-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету (16 - 18 баптар)
5-тарау. Медициналық қызмет (19 - 34 баптар)
6-тарау. Медициналық сараптама қызметі (35 - 43 баптар)
7-тарау. Фармацевтикалық қызмет (44 - 45 баптар)
8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет (46 - 47 баптар)
9-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру (48 - 50 баптар)
10-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің (51 - 52 баптар)
құқықтары мен міндеттері
11-тарау. Қорытынды ережелер (53 - 54 баптар)

Осы Заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру және олардың сақталу кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) әскери-медициналық қызмет - әскери немесе арнайы қызметтiң болуы заңмен көзделiп, осы органдардың қызметiн медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери-медициналық бөлiмшелердiң, бөлiмдер мен мекемелердiң жиынтығы;

2) денсаулық сақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және өзге де шаралардың жиынтығы;

3) медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсiби медициналық бiлiм алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсiби қызметi;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.