(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 21.04.03 Ж. № 137 ҚАУЛЫСЫ

Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру

ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында, сондай-ақ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.

2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесi күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде өз қызметтерiн оның талаптарына сәйкес келтiрсiн.

3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының

"Бағалы қағаздар портфелiн басқару

жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру

ережесiн бекіту туралы"

2003 жылғы 21 сәуiрдегi

N 137 қаулысымен

бекiтiлген



Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.