(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 21.04.03 Ж. № 138 ҚАУЛЫСЫ

Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен

зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі зейнетақы шарттарын бекіту

туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының

2003 ж. 21 сәуірдегі N 138 қаулысы

Осы редакция ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды ретеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 113 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Мыналар бекітілсін:

1) Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі зейнетақы шарты (1-қосымша);

2) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы шарты (2-қосымша);

3) Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы шарты (3-қосымша).

2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және кастодиан банктерге жіберсін.

3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 4-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.