(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 және

2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар

енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 6 қазандағы N

1027 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 26 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеде:

1-тармақ "орындау" деген сөзден кейiн ", елдің инновациялық дамуы" деген сөздермен толықтырылсын;

9-тармақта:

1) тармақша "инновациялық" деген сөздiң алдынан "инвестициялық және" деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақшадағы "және инвестицияларды" деген сөздер ", инвестициялар мен инновациялық қызмет субъектiлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

"9-1) қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнің мәселелерi бойынша мемлекетаралық әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатысу;";

19) тармақша "инвестициялық" деген сөзден кейiн "және инновациялық" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 19-1) - 19-4)тармақшалармен толықтырылсын:

"19-1) инновациялық қызметтi дамытуды және инновациялық қызмет субъектілерінің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;

19-2) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар инновацияларды және инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысу;

19-3) инновациялық қызметті дамыту жөнiндегi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiру;

19-4) инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;";

10-тармақта:

1) тармақша "инвестициялық" деген сөзден кейiн "және инновациялық" деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақшадағы "және инвестицияларды" деген сөздер ", инвестициялар мен инновациялық қызмет субъектiлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

10) тармақшадағы:

екiншi абзац "индустрия" деген сөзден кейiн "және инновация" деген сөздермен толықтырылсын;

бесінші абзац "ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын" деген сөздерден кейiн ", инновациялық бағдарламаларды" деген сөздермен толықтырылсын;

алтыншы абзацтағы "және технологиялық" деген сөздер ", технологиялық және инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

"15-1) елдiң инновациялық дамуы саласында:

елдiң инновациялық даму болжамдарын әзiрлейдi;

инновациялық қызметті дамыту жөнiндегi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар салааралық инновациялық бағдарламаларды, инновациялар мен инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерін құру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзедi;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметтi қаржыландыру және ынталандыру, инновацияларды құруға мемлекеттiк тапсырысты орналастыру жөніндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзірлейді;

үлгi құжаттардың нысандарын, мемлекеттiк сараптаманы ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн, инновациялық жобаларды конкурстық іріктеу және қаржыландыру ережелерiн әзiрлейдi;";

11-тармақтың 1) тармақшасы "орындау" деген сөзден кейiн ", елдің инновациялық дамуы" деген сөздермен толықтырылсын;

2) "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54 қаулысына:

1-тармақтағы "Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген сөздер "Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:

реттiк нөмiрi 1-жолдағы "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ";

реттiк нөмiрi 4-жолдағы:

"Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

"ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ";

"Орындау мерзiмi" деген бағандағы "наурыз" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 5-жолдағы:

"Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

"ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ";

"Орындау мерзiмi" деген бағандағы "маусым" деген сөз "қараша" деген сөзбен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 6-жолдағы "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

"ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ";

реттiк нөмiрлерi 7 және 8-жолдардағы "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

"ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ, ҚарМ".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының