Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке
қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының
2003 жылғы 27 қазандағы N 384 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 21 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитін лицензиялауды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулық (осы қаулының 1-қосымшасы ) бекітілсін.
2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап жеті күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға жіберсін.