(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 13 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1262 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің

кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 1262 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1134 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығын қамтамасыз ету, тиімділігі мен айқындылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына:

көрсетілген қаулыға 642-қосымшада:

6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) "басылымы" деген сөзден кейін "2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қарашаға дейін уақыт кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын, "10 000 экземпляр" деген сөздерден кейін "2003 жылғы қарашада, желтоқсанда 30 000 экземпляр" деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген қаулыға 645-қосымшада:

4-тармақтағы "енгізу" деген сөзден кейін "Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру" деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын;

"4." Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру және оның қызметін қамтамасыз ету";

2) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік 531-нөмірі жолмен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

сатып алу жөніндегі агенттігі

531 "Электрондық коммерция орталығы"

республикалық мемлекеттік

қазыналық кәсіпорны Астана қаласы";

3) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі N 1031 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 334-құжат):

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

"5-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің қарауында "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бар.".

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі