(КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 29.01.04 Ж. № 98 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң

кейбiр мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 ж. 29 қаңтардағы N 98 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1132 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігінiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары құрылсын.

2. "Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 шiлдедегі N 1020 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 319-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігі туралы ережеде:

11-тармақта:

1) тармақша "көшi-қон процестерiн" деген сөздер "көшi-қон және демографиялық процестердi" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақша "көшi-қон" деген сөздерден кейiн "және демография" деген сөздермен толықтырылсын;

8) тармақшада:

"қоныс аудару" деген сөздер "көшiп келу" деген сөздермен ауыстырылсын;

"қоныс аударушыларды" деген сөздер "оралмандарды" деген сөзбен ауыстырылсын;

9) тармақша "қоныс аударушыларды" деген сөздерден кейiн ", оралмандарды" деген сөзбен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

"9-1) өз құзыретi шегiнде әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;";

12) тармақшада мемлекеттік тілдегi мәтiнде "оралмандарды" деген сөз өзгерiссiз қалады;

14) тармақша "халықтың көшi-қоны" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы халықтың көшi-қоны және демография" деген сөздермен ауыстырылсын;

12-тармақта:

3) тармақша "қоныс аударушылар" деген сөздерден кейiн ", оралмандар" деген сөзбен толықтырылсын;

13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.