"Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық
акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 10 наурыздағы N 295 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Мынадай республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекеме жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - Қоғамдар) және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (бұдан әрi - Серiктестiк) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "811-әскери зауыты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "ҚИ 811-автомобиль жөндеу зауыты" акционерлiк қоғамына;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "832-әскери зауыты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "ҚИ 832-автомобиль жөндеу зауыты" акционерлiк қоғамына;
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң "Бронетанк жөндеу зауыты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны "Семей инжиниринг" акционерлiк қоғамына;
4) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Арнайы материалтану ғылыми-зерттеу институты тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiрiсiмен бiрге" мемлекеттiк мекемесi "Арнайыматериалтану" жауапкершiлігі шектеулi серiктестiгіне.
2. Қоғамдар мен Серiктестiк қызметiнiң негiзгi бағыты қорғаныс, екi ұдай және азаматтық мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, жаңғырту және сату болып белгiленсiн.