Дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы
бұйымдардың көтерме саудасының ережелерін бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және
медицина өнеркәсібі комитетінің 2004 ж. 11 ақпандағы N 19 бұйрығы
Осы редакция 2004 ж. 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Дәріхана қоймаларында, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймаларында дәрілік заттардың айналымы саласындағы субъектілер жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасын Қазақстан Республикасының "Дәрілік заттар туралы" Заңына сәйкес және реттеу мақсатында Бұйырамын:
1. Дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының ережеcі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | Cағын Х. |
"Дәрілік заттардың, медициналық техника
мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың
көтерме саудасының ережелері туралы"
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлігі Фармация, фармацевтика және
медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының
2004 жылғы 11 ақпандағы N 19 бұйрығымен
бекітілген
Дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық
мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының
ережесі
1. Жалпы ережелер