2004/2005 оқу жылына кәсіптік жоғары білімді мамандар даярлауға арналған
кәсіптік мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 12 мамырдағы N 408 бұйрығы
Осы редакция ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 13 құркүйектегі N 738 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Кәсiптiк жоғары бiлiмдi және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырыстарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы N 513 қаулысын iске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) күндiзгi оқу нысаны бойынша 2004/2005 оқу жылына кәсiптік жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы;
2) сырттай оқу нысанына 2004/2005 оқу жылына кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы мамандықтар бойынша бекiтiлсiн.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi (Б.С. Әбдiрәсiлов) белгiленген тәртiппен жоғары оқу орындарының арасында мемлекеттiк бiлім беру грантын орналастыратын конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастырсын.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi (Б.С. Әбдiрәсiлов) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттары ұлттық орталығымен (T.О. Балықбаев) бiрлесiп:
1) кәсiптiк жоғары бiлiм алуға ниет білдірген азаматтарды таңдаған мамандығы бойынша мемлекеттiк сертификат берумен қоса кешендi тестiлеудi;
2) мемлекеттiк бiлiм беру гранты мен мемлекеттiк бiлiм беру кредитiн беретiн конкурсқа қатысуға ұлттық бiрыңғай тестiлеуден немесе кешендi тестiлеуден өткен талапкерлердiң өтiнiштерiн қабылдауды ұйымдастырсын және өткiзсiн.