"Сауда қызметiн peттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске
асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 164-ө өкімі
Осы редакция 2004 ж. 30 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса берiліп отырған "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттiк органдар тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметінiң бекiтуiне енгiзсiн.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар екi ай мерзiмде "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында тиiсті ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.