Байланыс операторларының қалааралық қосылымдар мен өзара
байланыстағы телекоммуникация желiлерiнiң өзара трафигiне
секундалық тарифтеудi енгiзу туралы Қазақстан Республикасының
Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының
2004 жылғы 21 сәуірдегі N 74-ө, Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 14 мамырдағы
N 233-НҚ бірлескен бұйрығы
Осы редакция ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 22.09.04 ж. N 203-б, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 24.09.04 ж. N 390-НҚ Бірлескен бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 4.5 тармағына сәйкес бұйырамын:
1. 2004 жылғы 1 қазаннан барлық байланыс операторлары қалааралық қосылымдар мен өзара байланыстағы телекоммуникация желiлерiнiң трафигiн секундалық тарифтеуге көшсiн.