(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 16 МАУСЫМДАҒЫ № 662 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ауылдық аумақтар

iстерi жөнiндегi комитетiнiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 662 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1240 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитетi құрылсын.

2. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитетi туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитетiнiң құрылымы бекiтiлсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, тиiстi қажеттi материалдық-техникалық құралдардың және өзге де мүлiктiң Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитетiне берiлуiн қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 357-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:

1-тармақ "аясында," деген сөзден кейiн "ауылдық аумақтар," деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақтың екiншi абзацы ", Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі комитет" деген сөздермен толықтырылсын;

9-тармақта:

1) тармақша "аумақтар мен" деген сөздерден кейiн ", ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi және" деген сөздермен толықтырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.