Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк
комиссияны қалыптастыру ережесiн бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі N 735
қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 50-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны қалыптастыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 2 шілдедегі
N 735 қаулысымен
бекiтiлген
Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк
комиссияны қалыптастыру ережесi