(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 04.11.04 Ж. № 325 БҰЙРЫҒЫ

Кейбір бұйрықтарға өзгеріс енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325

бұйрығы

Осы редакция Әділет министрінің 2005 ж. 22 ақпандағы N 60 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 20 тамыздағы N 169 "Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту және кейбір нормативтік құқықтық кесімдердің күшін жою туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2468 болып тіркелген, 2003 жылы 12 қыркүйектегі N 49 "Юридическая газета" газетінде жарияланған; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2004 ж., N 17-20, 918-құжат, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 127 бұйрығымен өзгерістер енгізілген):

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережеде:

3-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

4-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

"Сынақтан өту мерзімі сынақтан өту басшысының өтініші негізінде сынақтан өтушінің жұмыс стажы мен тәжірибесін, кәсіби қасиеттерін ескере отырып, сондай-ақ осы Ережеде белгіленген тәртіппен олармен әңгімелесудің нәтижесі бойынша қысқартылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.