Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия туралы Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 3578 өкiмi
(ҚР Президентiнiң 15.07.99 ж. N 58; 04.06.01 ж. N 215;
15.11.02 ж. N 358 өкiмдерімен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Президентінің 28.08.03 ж. N 404 өкімімен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттiк нышандарды насихаттау жөнiндегi қызметтi жандандыру, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес оларды қолдану практикасын реттеу мақсатында:
1. Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия құрылсын (қосымшаға сәйкес құрамда).
2. Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы лауазымы бойынша Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссияның төрағасы болып табылады деп белгiленсiн.
4. Республикалық комиссия төрағасы Ә.Кекiлбаев осы өкiмнен туындайтын барлық қажеттi шараларды қолданатын болсын.
Қазақстан Республикасының