Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан
Республикасының 1998 ж. 24 наурыздағы N 213-1
Заңы
(ҚР 17.10.01 ж. N 248-11; 06.03.02 ж. N 298-11;
12.03.04 ж. N 536-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 16 маусымдағы N 566-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
I-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)2-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң (7 - 12 баптар)жобаларын дайындауды жоспарлау3-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын (13 - 21 баптар)әзiрлеу және ресiмдеу4-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң (22 - 24 баптар)жобаларына ғылыми сараптама5-тарау. Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау (25 - 29 баптар)мен оны күшiне енгiзу тәртiбi6-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi жариялау (30 - 35 баптар)7-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң уақыт, кеңiстiк (36 - 43 баптар)жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы8-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру (44 - 45 баптар)9-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйеге (46 - 48 баптар)келтiру мен есепке алуI-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 06.03.02 ж. N 298-11 Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
2) заңдар - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;
3) құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтiк құқықтық актiде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтiк реттелген ахуал шеңберiнде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға мiндеттi мiнез-құлық ережесi;