(ҚОЛДАНЫСТАҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1998 Ж. 20 ҚАРАШАДАҒЫ № 304-I ЗАҢЫ

Осы редакция ҚР 10.07.03 ж. N 483-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы

1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы

(ҚР 18.12.00 ж. N 128-II; 15.01.01 ж. N 139-II ; 02.03.01 ж. N 162-II;

26.12.02 ж. N 364-II; 16.05.03 ж. N 416-II; 11.06.03 ж. N 437-II

Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)

Бұрынғы ред. қара

1-тарау. Жалпы ережелер (1-4 баптар)
2-тарау. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар)
3-тарау. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жӘне (9-13 баптар)
 аудиторлық қызметті лицензиялау
4-тарау. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14-16 баптар)
5-тарау. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, (17-20 баптар)
 міндеттері мен жауапкершілігі
6-тарау. Аудиттелетін субъектінің құқықтары, міндеттері (21-25 баптар)
 мен жауапкершілігі

Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

ҚР 15.01.01 ж. N 139-II Заңымен 2-бап өзгертілді

2-бап. Аудиторлық қызмет

1. Аудиторлық қызмет дегенiмiз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептiлiк аудитiн жүргiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар өз қызметiнiң бағыты бойынша қаржылық есептiлiк аудитiнен басқа мынадай:

бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру, қалпына келтiру және жүргiзу, қаржылық және статистикалық есептiлiктер жасау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.