Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына
мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы
нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. N 1254; 12.07.02 ж. N 770;
21.05.03 ж. N 473; 05.03.04 ж. N 286 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасында оқушы жастарды стипендиялық және материалдық қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 920 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 24, 213-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының