Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде
дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды
қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың,
сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының,
дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған
материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық
бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы
бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының
тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 10 наурыздағы N 378 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.11.01 ж. N 1547; 23.01.02 ж. N 84; 21.10.02 ж. N 1135;
29.04.04 ж. N 488; 03.12.04 ж. N 1258 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 4 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 29.11.01 ж. N 1547 қаулысымен кіріспе өзгертілді
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 232 және 234-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 29.11.01 ж. N 1547 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса берiлiп отырған Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 10 наурыздағы N 378
қаулысымен бекітілген
Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде
дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса
алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың,
сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының,
дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар
мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса
алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және
медицина (ветеринария) техникасының тiзбесi
ҚР Үкіметінің 29.11.01 ж. N 1547 қаулысымен тізбе өзгертілді
ҚР Үкіметінің 23.01.02 ж. N 84; 21.10.02 ж. N 1135;
29.04.04 ж. N 488 ;03.12.04 ж. N 1258 (2004 ж. 1 қаңтардан бастап күшiне ендi)
(бұр. ред. қара) қаулыларымен ескерту өзгертілді
Қосылған құн салығынан босату мақсаты үшін тауарлардың номенклатурасы ТМД СЭҚ ТН коды, тауардың атауы және (немесе) оның арналған мақсаты бойынша айқындалады.
* - көрсетілген тауарларды қосылған құн салығынан босату сатып алушы тауарларды тек мақсатты пайдаланатынын осы тауарларды берушіге растаған жағдайда қолданылады. Тауарлардың мақсатты пайдаланылатынын растайтын құжаттар аталған тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт), сондай-ақ осы тауарларды алушы тұлғаның қызметі көрсетілген, әділет органдарында тіркелген жарғы болып табылады. Көрсетілген тауарлардың импорты кезінде аталған тауарларды әкелетін тұлғаның қызметі көрсетілген жарғы мен әкелінетін тауарлардың мақсатты пайдаланылатыны туралы міндеттеме кеден органына тапсырылады. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде тауарлардың импорты жағдайында жарғы мен әкелінетін тауарларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің орнына кеден органдарына тапсырысшы мен импортты жүзеге асыратын жеткізуші арасында жасалған шарт ұсынылады;
** - көрсетілген тауарлар бойынша қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген, фармацевтика өнімдерін өндіру және (немесе) сату, медициналық қызметпен шұғылдану құқығына лицензия болған жағдайда беріледі.