(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан

Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2002 ж. 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 24.02.03 ж. N 192; 11.04.03 ж. N 351;

23.05.03 ж. N 487; 19.06.03 ж. N 580; 25.07.03 ж. N 749; 21.08.03 ж. N 842;

17.09.03 ж. N 943; 13.11.03 ж. N 1138; 20.11.03 ж. N 1159;

28.11.03 ж. N 1197; 29.11.03 ж. N 1205; 22.12.03 ж. N 1296;

30.12.03 ж. N 1347; 30.12.03 ж. N 1356 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2003 ж. 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. N 580 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. 1-қосымшаға сәйкес:

кірістер бойынша - 638101094 мың теңге сомасында;

алынған ресми трансферттер бойынша - 57629991 мың теңге;

кредиттердi қайтару бойынша - 14442668 мың теңге;

шығындары бойынша - 751992137 мың теңге;

кредиттер бойынша - 41021616 мың теңге;

республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi 82840000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң болжанып отырған көлемiне 1,9 процент болатын 2003 жылға арналған республикалық бюджет орындауға қабылдансын.

2. 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың қоса берiлген тiзбесi бекiтiлсін.

ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. N 580 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi:

1) бес жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшiн бiрыңғай бюджеттiк жіктеме шығыстарының бюджеттiк бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және экономикалық жiктеме ерекшелiктерi бойынша шығыстардың жылдық сомасын келiсiлген тәртiппен тиiстi есептемелерге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз eтe отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жеткiзсiн;

2) 2003 жылғы 10 ақпанға дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi N 1000 қаулысына инвестициялық жобалар мен мемлекеттiк және салалық (секторальдық) бағдарламалар тiзбелерi бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн.

3) 2003 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу мен сараптама жасау республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзсiн.;

4) 2003 жылғы 15 шiлдеге дейiнгi мерзiмде Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау министрлiктерiмен бiрлесiп ауылда бiлiм беру және денсаулық сақтау объектiлерiн салуға байланысты, сондай-ақ инвестициялық жобалардың уақтылы iске асырылмауына байланысты жұмыстар мен қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жөнiндегi конкурстардың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу нәтижесiнде қаржы жылының iшiнде қалыптасқан қаражатты қайта бөлу есебiнен 2003 жылғы 23 мамырда жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен Жамбыл облысының аудандарында қосымша бiлiм беру және денсаулық сақтау объектiлерiн салу туралы шешiмнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн.

4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi:

1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне eкi жұмыс күнi iшiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:

"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау барысында оған енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттiк өтiнiмдерге сәйкес бiрыңғай бюджеттiк жiктеме шығыстарының экономикалық жiктемесiнiң ерекшелiктерi бойынша бюджеттiк бағдарламалар мен кiшi бағдарламалар жөнiнде нақтыланған есептеулермен негiздемелердi;

республикалық бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының жобаларын ұсынсын;

2) заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) жылдық көрсеткiштер шегiнде қаржыландыру жоспарларын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың бекiтiлген жоспарларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын.

5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп, 2002 жылғы 25 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк тiркеудiң нөмiрлiк белгiлерiн, көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiктер мен жүргiзушi куәлiктерiн дайындау жөнiндегi қызметтердiң құнын заңнамада белгiленген тәртiппен анықтауды қамтамасыз етсiн.

ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. N 580 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:

1) мыналарға:

су берумен байланысты емес республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға;

шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтiк құрылыстардың ерекше авариялық күйдегi учаскелерiн қайта жаңартуға техникалық-экономикалық және жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге және мемлекеттiк сараптама жүргізуге бағытталған қаражатты бөлу туралы шешiмдердi әзiрлесiн және бекiтсiн;

2) 2003 жылғы 25 қаңтарға дейiнгi мерзiмде:

минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштар мен гербицидтер сатып алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге субсидия бөлу;

айрықша тұқымдар өндiруге субсидия бөлу;

ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерге су жеткiзiп беру жөнiндегi қызметтердiң құнына субсидия бөлу;

ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасына субсидия бөлу;

элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға қаражат төлеу;

астықтың мемлекеттік азық-түлiк резервiн жаңарту үшiн 2003 жылы астық сатып алу;

"Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қорын акционерлiк қоғамының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етуге қаражат төлеу;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889

Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз ететiн ұйымдардың жарғылық капиталдары мен активтерiн қалыптастыру (ұлғайту) ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн;

3) 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:

көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға:

сондай-ақ, лизингтiк негiзде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету бойынша сыйақы (мүдделер) ставкаларын өтеу тәртiбiн көздейтiн;

ауылдық кpeдиттiк серiктестiктер жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне;

сондай-ақ, лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарды жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша сыйақы (мүдделер) ставкаларын өтеу тәртiбiн көздейтiн кредит беру ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн;

4) 2003 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде:

мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен оны сатып алуға кредит беру туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

7. Ормандармен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мекемелердiң материалдық-техникалық базасын ұстау мен дамытуға облыстық бюджеттерге берiлетiн трансферттер 3-қосымшаға сәйкес көзделгенi ескерiлсiн.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2003 жылғы 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде жергiлiктi атқарушы органдарға ұстауға және iс-шараларды өткiзуге жұмсалатын сомаларды көрсетiп, ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мекемелер бойынша олардың материалдық-техникалық базасын ұстау мен дамытуға берiлетiн трансферттер сомаларының бөлiнуiн жеткiзсiн.

8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:

1) 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде "Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Заңына сәйкес ақталған Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарына бiржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы;

2) 2003 жылғы 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап өсiру ережесiн бекiту туралы;

3) 2003 жылғы 25 қаңтарға дейiнгi мерзiмде Бала тууға байланысты бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы төлеу ережесiн бекiту туралы;

4) 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Ақтөбе облысының Шалқар ауданының, Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу ережесiн бекiту туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

9. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:

1) таратылған Жол қорының негiзгi борышын өтеу;

2) "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының әскери тасымалдар бойынша шығындарын өтеу ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:

1) 2003 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес ұйымдардың тiзбесi мен берешектер көлемдерiн бекiту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн;

2) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, 2003 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектi өтеуге қаражат жұмсау және оларды бюджетке есептеу тәртiбiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

11. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:

1) 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының үлгiлiк штаттарын енгізуге;

2) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi жүйесiнiң кепiлдi нормативiн қамтамасыз етуге 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттарды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Ақтөбе облысының Шалқар ауданының, Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының халқына тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу ережесiн бекiту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

13. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi 2003 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту мен конверсиялаудың ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу ұсыныстарын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

14. Құпия.

ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. N 580 қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

15. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi 2003 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде 2003 жылға арналған көшi-қон квотасы бойынша келiп жатқан оралмандар отбасыларына, сондай-ақ 2002 жылға арналған көшi-қон квотасына енгiзiлген оралмандардың 246 отбасыларына және Қазақстан Республикасы азаматтары - Түркiстан ауылынан қоныс аударушылардың 8 отбасына беру үшiн тұрғын үй сатып алуға, салуға, қайта жаңартуға және күрделi жөндеуден өткiзуге 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

16. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, 2003 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде Астана қаласында орталық мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салуға және сатып алуға үлестiк қатысуға бөлiнетiн қаражатты пайдалану туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

17. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтар үшiн тәуелсiз сарапшының қызметiне ақы төлеу ережесiн бекiту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

18. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша) 203 "Мемлекеттiк органдарға арналған автомашиналар паркiн жаңарту" деген республикалық бюджеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдардың тiзбесiн және сатып алынатын техниканың санын бекiту туралы шешiмнiң жобасын 2003 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

19. Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкiметiне 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.

20. Жергiлiктi атқарушы органдар 2003 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшада көрсетiлген ауылда бiлiм беру, денсаулық сақтау объектiлерiн салуға арналған конкурстық рәсiмдердiң хабарлануын қамтамасыз етсiн.

21. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы

N 1379 қаулысына

1-ҚОСЫМША

ҚР Үкіметінің 24.02.03 ж. N 192; 11.04.03 ж. N 351; 23.05.03 ж. N 487 қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. N 580 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 25.07.03 ж. N 749; 21.08.03 ж. N 842; 17.09.03 ж. N 943; 13.11.03 ж. N 1138; 20.11.03 ж. N 1159;28.11.03 ж. N 1197; 29.11.03 ж. N 1205; 22.12.03 ж. N 1296; 30.12.03 ж. N 1347 қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының 2003 жылға арналған

республикалық бюджеті

 ─────────────────────────────────────────────────────────────────────
 Санаты Атауы Сомасы,
 Сыныбы мың теңге
 Ішкi сыныбы
 Ерекшелiгi
 ─────────────────────────────────────────────────────────────────────
 1 2 3
 ─────────────────────────────────────────────────────────────────────
 Түсімдер 710173753
 І. Кірістер 638101094
 1 Салық түсiмдерi 579964940
 01 Кiрiстерге салынатын табыс салығы 269312332
 1 Корпоративтік табыс салығы 269312332
 01 Резидент заңды тұлғалардан алынатын
 корпоративтiк табыс салығы 160819371
 02 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын 10566678
 корпоративтiк табыс салығы
 03 Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем 4018696
 көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы
 04 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, 11834971
 төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс
 салығы
 05 Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген 75220987
 тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдары - заңды
 тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
 салығы
 06 Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген 1939139
 тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
 төлем көзiнен ұсталатын, резидент заңды
 тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
 салығы
 07 Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген 4912490
 тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
 төлем көзiнен ұсталатын, резидент емес заңды
 тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
 салығы
 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер 267459825
 көрсетуге салынатын iшкi салықтар
 1 Қосылған құн салығы 208598520
 01 Қазақстан Республикасының аумағында 59562537
 өндiрiлген тауарларға, орындалған
 жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге
 салынатын қосылған құн салығы
 02 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 86381008
 және импортталатын тауарларға салынатын
 қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан
 Республикасының аумағына импортталатын
 тауарларға салынатын қосылған құн салығы
 04 Резидент емес үшiн қосылған құн салығы 9885626
 05 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 50731345
 және импортталатын тауарларға салынатын
 қосылған құн салығы
 06 Ресейден шығарылатын және импортталатын 1291542
 тауарларға салынатын қосылған құн салығынан
 басқа, Қазақстанға импортталатын тауарлардың
 кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
 нәтижесiнде жете есептелген қосылған құн салығы
 07 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 746462
 және импортталатын тауарлардың кедендiк
 құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
 нәтижесiнде жете есептелген қосылған
 құн салығы
 2 Акциздер 4716525
 29 Қазақстан Республикасының аумағында
 өндірілген, газ конденсатын қоса алғанда,
 шикі мұнай 765300
 41 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 44310
 латын спирттiң барлық түрi
 42 Қазақстан Республикасының аумағына 74400
 импортталатын арақ
 43 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 23600
 латын ликер-арақ бұйымдары, этил спиртiнiң
 көлемдi үлесi 12-ден 30 процентке дейiн және
 одан жоғары күшейтiлген шырындар мен
 күшейтiлген сусындар
 44 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 83200
 латын шараптар
 45 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 26283
 латын коньяктар
 46 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 860
 латын шампан шараптары
 47 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 549400
 латын сыра
 48 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 12800
 латын этил спиртiнiң көлемдi үлесi 1,5-нан
 12 процентке дейiн алкоголі аз күшейтілген
 сусындар, күшейтілген шырындар
 49 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 2100
 латын бекіре және албырт балықтардың уылдырығы
 50 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 304650
 латын темекi бұйымдары
 55 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 473600
 латын жеңiл автомобильдер (мүгедектерге
 арнайы арналған, қолмен басқарылатын
 автомобильдерден басқа)
 57 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 35380
 латын алтыннан, платинадан немесе күмiстен
 жасалған зергерлiк бұйымдар
 58 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 350
 латын шарап материалдары
 60 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 2277330
 латын бензин (авиациялықты қоспағанда)
 70 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 756
 латын спирттiң барлық түрлерiнiң кедендiк
 құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
 нәтижесiнде жете есептелген акциздер
 71 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 589
 латын арақтың кедендiк құнына тәуелсiз
 сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
 есептелген акциздер
 72 Қазақстанға импортталатын ликер-арақ 232
 бұйымдарының, этил спиртiнiң көлемдi үлесi
 12-ден 30%-ке дейiн және одан жоғары күшейтiлген
 шырындардың және күшейтiлген сусындардың
 кедендiк құнына тәуелсiз сараптама
 жүргізу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
 73 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 1422
 латын шараптардың кедендiк құнына тәуелсiз
 сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
 есептелген акциздер
 74 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 451
 латын коньяктардың кедендiк құнына тәуелсiз
 сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
 есептелген акциздер
 75 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 13
 латын шампан шараптарының кедендiк құнына
 тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
 есептелген акциздер
 76 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 3076
 латын сыраның кедендiк құнына тәуелсiз
 сараптама жүргізу нәтижесiнде жете
 есептелген акциздер
 77 Қазақстан Республикасына импортталатын этил 219
 спиртiнiң көлемді үлесi 1,5-тен 12 процентке
 дейiн алкоголi аз күшейтiлген сусындардың,
 күшейтiлген шырындардың кедендiк құнына
 тәуелсiз сараптама жүргізу нәтижесiнде жете
 есептелген акциздер
 78 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 21
 латын бекiре және албырт балықтар уылдырығы.
 ның кедендiк құнына тәуелсiз сараптама
 жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
 79 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 2651
 латын темекi бұйымдарының кедендiк құнына
 тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
 есептелген акциздер
 81 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 6779
 латын жеңіл автомобильдердің (мүгедектерге
 арнайы арналған, қолмен басқарылатын
 автомобильдерден басқа) кедендік құнына
 тәуелсіз сараптама жүргізу нәтижесінде жете
 есептелген акциздер
 82 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 606
 латын алтыннан, платинадан немесе күмістен
 жасалған зергерлік бұйымдардың кедендік
 құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
 нәтижесiнде жете есептелген акциздер
 85 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 26147
 латын бензиннiң (авиациялықты қоспағанда)
 кедендік құнына тәуелсіз сараптама жүргізу
 нәтижесiнде жете есептелген акциздер
 3 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны 53657052
 үшін түсетiн түсiмдер
 02 Үстеме пайдаға салынатын салық 270000
 05 Бонустар 4036468
 06 Роялти 5017630
 08 Жасалған келiсiм-шарттар бойынша өнiмдер бөлу 463120
 жөнiндегi Қазақстанның үлесi
 09 Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлем 747600
 10 Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны 43353
 үшiн төлем
 11 Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем 159900
 13 Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын 24281
 табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем
 26 Шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан 39350736
 Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе
 бойынша заңды тұлғалардан) түсетiн роялти
 28 Шикiзат секторы ұйымдарының (Қазақстан 3543964
 Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе
 бойынша заңды тұлғалардың) жасалған
 келiсiм-шарттар бойынша өнiмдер бөлу жөнiндегі
 Қазақстанның үлесі
 4 Кәсiпкерлік және кәсiби қызметтi жүргiзгенi 487728
 үшiн салынатын алым
 06 Жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік 428500
 автомобиль жолдарымен жүргені үшін алынатын
 алымнан басқа, Қазақстан Республикасының
 аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргенi
 үшiн алынатын алым
 12 Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары 19668
 жиiлiктi қондырғыларды мемлекеттік тіркеу
 үшiн алым
 13 Телевизиялық және радио хабарын тарататын 7000
 ұйымдарға радио жиiлiктi спектрдi пайдалануға
 рұқсат бергені үшін алым
 15 Теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелердi 2950
 мемлекеттiк тiркеу үшiн алым
 16 Дәрi-дәрмектердi мемлекеттiк тiркеу үшiн 21299
 алым
 17 Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу 1168
 үшiн алым
 19 Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланатын 7143
 автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде