(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 23.12.02 Ж. № 508 ҚАУЛЫСЫ

Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялард қаржылық есеп

пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен

мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқарамасының 2002 ж. 23 желтоқсандағы N 508 қаулысы

(ҚР ҰБ Басқармасының 04.07.03 ж. N 229 қаулысымен;

ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен қадағалау ж/гі агенттігінің 23.02.04

ж. N 61 бірлескен қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)



Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 179 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Бұрынғы редакцияларды қара

Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.