Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика
секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи
монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына
арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының
2003 ж. 27 қаңтардағы N 17-НҚ бұйрығы
(ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының 23.05.03 ж. N 138-НҚ бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 ж. 13 ақпандағы N 70-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкеc, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.