Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы
1999 жылғы 2 тамыздағы N 464-I Қазақстан Республикасының Заңы
(ҚР 06.11.01 ж. N 252-II; 02.07.03 ж. N 443-II; 09.07.03 ж. N 482-II
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 10.07.03 ж. N 483-II ҚР Заңымен енгізілетін өзгерістеріне дейін қолданады
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік қарыз алудың мақсаттары (6-14 баптар)
3-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз (15-28 баптар)
алу және борыш 4-тарау. Кредит берушілердің мүдделерін қорғау (29-31 баптар)
5-тарау. Қорытынды ережелер (32-34 баптар)
Осы Заң Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының мемлекеттік қарыз алуы және Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз алуы процесінде, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқару процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 06.11.01.11.06. N 252-II;02.07.03 ж. N 443-II (бұр. ред. қара); 09.07.03 ж. N 482-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аваль - вексель кепiлдiгi, соған орай оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға үшiн вексель жөнiндегi төлемдi жасауға (толық немесе бiр бөлiгiн) өзiне мiндеттеме қабылдайды;
2) жалпы сыртқы борыш - алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы заемдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы резидент еместерімен келісім-шарттары бойынша берешектік міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы;
3) сыртқы заем - Қазақстан Республикасының резидент емесi - заем берушi, ал Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары;