Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18
желтоқсандағы N 126-II Заңы (ҚР 16.05.03 ж. N 416-11; 11.06.03 ж. N
436-11; 10.07.03 ж. N 483-II
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 11 маусымдағы N 562-II ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұр. редакцияларды қара
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар)
2-тарау. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру (6 - 9 баптар)
3-тарау. Сақтандыру рыногы (10 - 16 баптар)
4-тарау. Сақтандыру делдалдығы (17 - 18 баптар)
5-тарау. Актуарийлік қызмет және аудит (19 - 20 баптар)
6-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құру (21 - 36 баптар)
7-тарау. Лицензиялау (37 - 40 баптар)
8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру (41 - 44 баптар)
iсiн қадағалауды жүзеге асыру 9-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) (45 - 52 баптар)
ұйымдарының қызметін реттеу 10-тарау. Санкциялар және өзге де ықпал ету шаралары (53 - 61 баптар)
11-тарау. Қайта құру (62 - 64 баптар)
12-тарау. Тарату (65 - 73 баптар)
13-тарау. Есеп беру және өзге де мәселелер (74 - 78 баптар)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі туралы заңдар
1. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды коспағанда, сақтандырудан туындайтын және өзге де заң актілерінің қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар