Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер
жөніндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 1 наурыздағы N 311 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. N 397; 21.11.02 ж. N 1235;
31.10.03 ж. N 1083; 30.07.04 ж. N 807
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы N 173 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
Комиссия туралы ереже;
Комиссия құрамы бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. N 807 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Yкiметi ескерткiштер мен монументтер орнату туралы шешімдерді Комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылдайды деп белгіленсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының