ҚР 08.01.03 ж. № 375-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 3-баптың мәтіні
ҚР 30.06.97 ж. № 139-1; 02.08.99 ж. № 466-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарына сәйкес 3-бапқа өзгертілді
3-бап. Жекешелендiру туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңдары осы Жарлықтан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге заң актiлерiнен, жарлықтары мен өкiлдерiнен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан тұрады.
2. Уәкiлдi органдар осы Жарлықта және өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен шектерде жекешелендiру жөнiндегi қатынастарды реттейтiн актiлер шығара алады.