«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 35-III Қазақстан Республикасының Заңы
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасының Заңы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы
1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 9, 95-құжат; 2004 ж., № 14, 83-құжат; № 17, 101-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
14-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «табылса, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.»деген сөздер «табылса;»деген сөзбен ауыстырылып, 2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйымдар болып табылса, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.».