Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 38-III Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датавторник, 12 апреля 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 12 апреля 2005

Қазақстан Республикасының Заңы

 

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"

Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы”

 

1. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 59 және 60-тармақтармен толықтырылсын:

"59. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатымен құрылыстың әзірлігін және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін қызметтер кешенін көрсету.

60. Техникалық қадағалау - жобаны іске асырудың барлық сатысында орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, құрылысты қадағалау.";

2) 3-баптың 2-тармағы 9) тармақшасындағы "жүзеге асыру болып табылады." деген сөздер "жүзеге асыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

"10) инжинирингтік қызметтерді тарту және көрсету болып табылады.";

3) 6-баптың 4-тармағы 3) тармақшасындағы "ғимараттар жатады." деген сөздер "ғимараттар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) мүгедектердің тұруына, келіп-кетуіне және жұмыс істеуіне арналған үй-жайлар мен ғимараттар жатады.";

4) 19-бап мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:

"16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету ережесін бекітеді;

17) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тарту тәртібін белгілейді.";

5) 20-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

"6-1) объектілер құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру ережелерін әзірлеу және бекіту;";

6) 6-тарау мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:

"34-1-бап. Техникалық қадағалау

1. Мемлекеттік қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдануына жататын объектілердің құрылысы кезінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылуға тиіс.

2. Техникалық қадағалауды тапсырысшы объектілер құрылысына жобалық-сметалық құжаттамада көзделген қаражат есебінен шарт негізінде инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тарта отырып, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырысшылар) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін нарықта әрекет ететін инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тартуға құқылы.".

2. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы  сәуірдің  12-сі. № 38-III  ҚРЗ

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом