Введите номер документа
Прайс-лист

«Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 20 мамырдағы № 51-III Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датапятница, 20 мая 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 20 мая 2005

Қазақстан Республикасының Заңы

 

"Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына

өзгерістер енгізу туралы

 

"Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 21, 276-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 21-22, 281-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 153-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) 1-баптың алтыншы абзацындағы "мемлекеттік органдар" деген сөздер "мемлекеттік мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 4-баптың 3) тармақшасындағы "мемлекеттік органдарының" деген сөздер "мемлекеттік мекемелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 10-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң комиссиясында аттестациядан өтуi" деген сөздер алып тасталсын;

4) 15-бапта:

1-тармақтағы "(түрлерiн)" деген сөз алып тасталсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Сараптаманың белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысының біліктiлiк куәлiгiн тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының біліктiлiк комиссиясы бередi.

Бiлiктiлiк комиссиясының қызмет тәртібі мен құрамын тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органы айқындайды.";

5) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"16-бап. Сот сарапшысын аттестациялау

Кәсiптiк даярлығының деңгейiн анықтау мақсатында тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының Аттестациялық комиссиясы сот сарапшыларын әрбiр бес жыл сайын аттестациялаудан өткiзуге тиiс.

Аттестациялық комиссияның қызмет тәртібі мен құрамын тиісінше Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.".

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы мамырдың 20-сы.

№ 51-III ҚРЗ

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом