Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған «Ардагер» республикалық пансионаты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 923 Қаулысы (2014.23.09. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 16 сентября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 16 сентября 2005
Дата последнего изменениявторник, 30 сентября 2014

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң соғыс және еңбек ардагерлерiне арналған «Ардагер» республикалық пансионаты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 923 Қаулысы

(2014.23.09. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрiнен екiншi түрiне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Алматы қаласы әкімінiң «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң соғыс және еңбек ардагерлерiне арналған «Ардагер» республикалық пансионаты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетiмен және Алматы қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

3. Алматы қаласының әкімі Кәсiпорын қызметi бейiнiнiң - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, жеңiлдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша оларға теңестiрiлген адамдарды, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi санаторий-курорттық емдеудiң сақталуын қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесіндегі реттiк нөмiрi 382-жол алынып тасталсын;

3) ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом