Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 937 Қаулысы (2008.24.04. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 21 сентября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 21 сентября 2005
Дата последнего изменениячетверг, 8 мая 2008

«Мемлекеттік аннуитеттiк компания» өмiрдi сақтандыру компаниясы»
акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 937 Қаулысы

(2008.24.04. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын берсiн.

2. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлiмде:

реттiк нөмiрi 217-7-жол алынып тасталсын;

"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 279-1-жолмен толықтырылсын:

"279-1            "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi

                   сақтандыру компаниясы" АҚ";

2) ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдар тiзбесi:

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы".

3. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

 

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом