Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығы (2008.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датавторник, 29 ноября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 29 ноября 2005
Дата последнего изменениясреда, 28 мая 2008

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 
Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік
теңдік стратегиясын бекіту туралы

(2008.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілсін (бұдан әрі - Стратегия).

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) өз қызметінде Стратегияны басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

2) қабылданатын мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік  бағдарламалардың (жоспарлардың) Стратегиямен келісілуін қамтамасыз етсін.

ҚР Президентінің 2006.01.02. № 56 (бұр.ред.қара); 2008.15.05. № 593 (бұр.ред.қара) Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға Стратегияның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

ҚР Президентінің 2006.01.02. № 56 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2008.15.05. № 593 (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жыл сайын 15 ақпанға Стратегияның іске асырылу барысы туралы Мемлекет басшысын хабардар етіп отырсын.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаев

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом