Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 Ж. 28 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 1469 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28
қыркүйектегі № 1469 қаулысы (ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 385; 29.09.03
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2006 ж. 6 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасының талаптарын iске асыру мақсатында республикада медициналық білім берудi одан әрi жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 385 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес ауруханаларды, емханаларды және отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияларды мемлекеттік жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базасы ретiнде айқындау жөніндегі ұсынысы қабылдансын.

Клиникалық базалар мемлекеттік жоғары медициналық білім беру ұйымдарына жалдау ақысын алмай-ақ беріледi.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі белгiленген тәртiппен:

Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келісім бойынша клиникалық базалар туралы ереженi;

интернатура туралы ереженi бекiтсiн.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі:

1999/2000 оқу жылынан бастап республиканың жоғары медициналық оқу орындарында "емдеу iсi" және " педиатрия" мамандықтары бойынша интернатура ашсын;

көрсетiлген мамандықтар бойынша біліктiлiктiң тiзбесiн айқындасын;

республикалық бюджетте қарастырылған жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға көзделген қаржының шегiнде интернатураны қаржыландыруды жүзеге асырсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом