Введите номер документа
Прайс-лист

«Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесіне мүше тәуелсіз директорларды сайлаудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 591 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 13 июня 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 27 ноября 2008

«Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесіне мүше
тәуелсіз директорларды сайлаудың кейбір мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 маусымдағы № 591 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды

 

Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) корпоративтік басқару жүйесі қызметінің айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін:

1) өтелінетін шығыстарды қоспағанда, жылына 9,5 миллион (тоғыз миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын сыйақы сомасында даму институттарының қаражаты есебінен тәуелсіз директорларға ақы төлеу шартымен акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) тәуелсіз директорларын іріктеу тәртібін әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етсін;

2) "Қазақстанның инвестициялық қоры", "Ұлттық инновациялық қор", "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - даму институттары) директорлар кеңестерінің құрамдарына тәуелсіз директорларды сайлау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асырсын.

2. Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрліктері тәуелсіз директорлардың қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды ескере отырып, даму институттарының қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын нақтылау жөніндегі шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі С.М.Мыңбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом