Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 158 Қаулысы (2014.23.09. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 14 марта 2006
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 20 октября 2014

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 158 Қаулысы

(2014.23.09. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімінің «Мемлекеттік қуыршақ театры», «Ықылас атындағы Республикалық музыкалық халық аспаптар мұражайы», «Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын, «Жамбыл атындағы Мемлекеттік республикалық жасөспірімдер кітапханасы», «С. Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы» мемлекеттік мекемелерін мүліктік кешендер ретінде республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ұйымдарды қабылдау-беру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1003 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрініңміндетін атқарушы

 

М. Мәсімов

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом