Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы № 195 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 21 марта 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 21 марта 2006
Дата последнего измененияпятница, 19 августа 2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы № 195 Қаулысы

(2022.19.08. берілген өзгерістермен)

 

Республикада биологиялық бейінді зерттеулерді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Микробиология және вирусология институты»,»Жалпы генетика және цитология институты», Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасы Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығының Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Орталық қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Орталыққа қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды құруға рұқсат берілсін.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 21 наурыздағы

№ 195 қаулысына

қосымша

 

 

Қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Биологиялық зерттеулер орталығы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құруына рұқсат етілген еншілес мемлекеттік

кәсіпорындардың

тізбесi

 

1. «Микробиология және вирусология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.

2. «Жалпы генетика және цитология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.

3. «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.

4. «Алтай ботаникалық бағы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы.

5. «Маңғыстау экспериментальдық ботаникалық бағы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Ақтау қаласы.

6. «Зоология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.

7. «Адам және жануарлар физиологиясы институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.

8. «Молекулярлық биология және биохимия институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.

9. «Ботаника және фитоинтродукция институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом