Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын коммуналдық меншікке беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 378 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 10 мая 2006
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын коммуналдық меншікке беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 378 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) заңнамада белгіленген тәртіппен мүліктік кешен ретінде коммуналдық меншікке берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және тиісті облыстардың әкімдерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорындарды қабылдау-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде:

реттік нөмірлері 15, 18, 21, 22, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 40, 41, 43 және 45-жолдар алынып тасталсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

                                            Қазақстан Республикасы

                                                  Үкіметінің

                                           2006 жылғы 10 мамырдағы

                                               № 378 қаулысына

                                                      қосымша

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті облыстардың коммуналдық меншігіне берілетін

кәсіпорындарының тізбесі

 

Р/с

Коммуналдық меншікке берілетін кәсіпорындардың атауы

Коммуналдық меншігіне кәсіпорындар берілетін облыстардың атауы

1

2

3

1

«Жамбыл ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Жамбыл

2

«Львов» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қостанай

3

«Степноишим» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Солтүстік Қазақстан

4

«Торғай ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақмола

5

«Дәнді дақылдар тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақмола

6

«Каменский» мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру зауыты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Алматы

7

«Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы

8

«Жеміс-жидек дақылдары тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы

9

«Бірінші мамыр тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы

10

«Шығыс Қазақстан тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Шығыс Қазақстан

11

«Зырян тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Шығыс Қазақстан

12

«Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Шығыс Қазақстан

13

«Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Қызылорда

14

»Тұқым шаруашылығы жөніндегі тәжірибе шаруашылығы» республикалық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Оңтүстік Қазақстан

15

«Келес» тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Оңтүстік Қазақстан

16

«К. Қонысбаев атындағы тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Оңтүстік Қазақстан

17

«Алтын төбе» тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Оңтүстік Қазақстан

18

«Сарыағаш» тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Оңтүстік Қазақстан

19

«Ертіс» тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Павлодар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом