Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) (КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.25.08 № 1236 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің
тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999
жылғы 25 тамыздағы № 1236 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 175 қаулысымен күші жойылды

 

Осы редакция  2006 ж. 6 маусымдағы  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі бекітілсін.

2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Н. Балғынбаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

1999 жылғы 25 тамыздағы

№ 1236 қаулысымен

бекітілген

 

Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен

оларды берудің тәртібі

 

1. Мемлекеттік үлгідегi құжаттардың нысандары

 

1. Куәлiк, аттестат, куәлiктеме және диплом қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткенiн куәландыратын және білім берудiң және (немесе) біліктіліктiң тиiстi деңгейiнiң (сатысының) мемлекеттік жалпы мiндеттi стандартын меңгергенiн растайтын құжаттардың түрлерi болып табылады.

2. Бiтiргенi туралы куәландыратын құжаттың (құжаттардың) түрi:

1) жалпы білім беретiн оқу орындарының негiзгi сатысында куәлiк болып табылады;

2) жалпы білім беретiн оқу орындарының жоғары сатысында аттестат болып табылады;

3) бастауыш кәсiптiк білім беретiн оқу орындарының даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн арттыру курстарында куәлiктеме (куәлiк) болып табылады;

4) бастауыш кәсiптiк білім беретiн оқу орындарында диплом болып табылады;

5) орта кәсiптiк білім беретiн оқу орындарында диплом болып табылады;

6) жоғары кәсiптiк білім беретiн оқу орындарында диплом болып табылады.

3. Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткендерге мемлекеттік үлгiдегi тиiстi құжат берiледi.

4. Барлық түрдегi мемлекеттік үлгiдегi құжаттардың бет жағы 16х11 см мөлшерде қатты мұқабалы ледериннен жасалады:

1) күңгiрт-көк түс мемлекеттік үлгiдегi әдеттегi құжаттар үшін;

2) көк түс үздiк белгiсi бар барлық мемлекеттік үлгідегі құжаттар үшін;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом