Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 692 Қаулысы (2014.23.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датасреда, 19 июля 2006
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 20 октября 2014

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 692 Қаулысы

(2014.23.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2. Орталық заң шығару, атқарушы, сот органдарының, ұлттық компаниялар мен өзге де республикалық ұйымдардың қызметінде жасалған, жеткізгіштердің барлық түрлеріндегі құжаттарды толықтыру, сақтау және пайдалану жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету, Мемлекеттік органдардың электронды мұрағаттар жүйесін (МО ЭМЖ) пайдалану мекеме қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мекеменің жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1003 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом