Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 06.08.01 Ж. № 301 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан
алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы 6 тамыздағы
№ 301 қаулысы

 

Осы редакция  2006 ж. 25 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасының айналымдағы ұлттық валютасының ақша белгiлерiн ретке келтiру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп белгiленген тәртiппен осы қаулыны және бекітілген Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлгеннен кейiн Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бiрлесiп осы қаулыны және Ереженiң заңды және жеке тұлғалардың мүдделерiне қатысты тармақтарын республикалық газеттерде (мемлекеттік тiлде және орыс тілінде) жарияласын;

3) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күн iшiнде осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом