Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 929 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 785 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 18 августа 2006
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 18 августа 2006

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 929 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы
 № 785 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 35, 484-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ «Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздерден кейін «және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары» деген сөздермен толықтырылсын:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Кәсіпорынға осы қаулыға қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат берілсін.»;

осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 18 тамыздағы

№ 785 қаулысына

Қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 20 қыркүйектегі

№ 929 қаулысына

Қосымша

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат

орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық

мемлекеттік кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесі

 

1. «Ақмола ғылыми-техникалық ақпарат         Астана қаласы

орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

2. «Республикалық ғылыми-техникалық          Алматы қаласы

кітапхана» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

және оның филиалдары

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом