Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде мамандандырылған бөлім құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 852 Қаулысы (2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датачетверг, 7 сентября 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 7 сентября 2006
Дата последнего измененияпятница, 9 мая 2008

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде
мамандандырылған бөлім құрудың кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 852 Қаулысы

(2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 536-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында:

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Мамандандырылған бөлім»;

2) ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

II «Шығындар» бөлімінде:

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:

02 «Қаржылық қызмет» ішкі функциясында:

217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша:

001 «Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету» бағдарламасында:

001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасындағы «2319728» деген сандар «2334641» деген сандармен ауыстырылсын;

002 «Аумақтық органдардың аппараттары» кіші бағдарламасындағы «17854955» деген сандар «17840042» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом