Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қазандағы № 1003 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 18 октября 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 18 октября 2006
Дата последнего изменениясреда, 18 октября 2006

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы
Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қазандағы № 1003 Қаулысы

 

«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Қазақстан халықтары ассамблеясының он екінші сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 54121000 (елу төрт миллион бір жүз жиырма бір мың) теңге бөлінсін.

2. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

II «Шығындар» бөлімінде:

08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында:

206 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:

«109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу»;

08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында 09 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер» ішкі функциясында 206 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» әкімшісі бойынша 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша шығындар Қазақстан халықтары ассамблеясының он екінші сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшін 54121000 (елу төрт миллион бір жүз жиырма бір мың) теңге сомасына ұлғайтылсын;

13 «Басқалар» функционалдық тобында 09 «Басқалар» ішкі функциясында 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасында 101 «Қазақстан Республикасы Yкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві» кіші бағдарламасындағы шығындар 54121000 (елу төрт миллион бір жүз жиырма бір мың) теңге сомасына азайтылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом