Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 және 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы № 1179 Қаулысы (2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датасреда, 6 декабря 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 6 декабря 2006
Дата последнего изменениясреда, 6 декабря 2006

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 және
2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулыларына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы  № 1179 Қаулысы

(2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 7, 53-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Самұрық» холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары» деген 2-бөлімде:

мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

"ұлттық және салааралық ауқымдағы тұжырымдамалық инвестициялық шешімдерді әзірлеу;

инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету.";

бесінші абзац «өкілдік ету» деген сөздерден кейін «және инвестициялық функцияларды орындау» деген сөздермен толықтырылсын;

«Самұрық» холдингі» АҚ-тың функциялары» деген 3-бөлім «, сондай-ақ мынадай инвестициялық функцияларды іске асырады:

ұлттық және салааралық ауқымдағы тұжырымдамалық инвестициялық шешімдерді және тиісті ТЭН әзірлеу;

жобаларды сүйемелдеу және оларға қатысушыларды құрылымдау;

жобаларды бірлесіп қаржыландыру» деген сөздермен толықтырылсын;

«Самұрық» холдингі» АҚ-ты басқару мәселелері» деген 4-бөлімде:

бірінші абзацтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;

үшінші абзацта:

бірінші сөйлем «Самұрық» холдингі» АҚ-тың атқарушы директоры» деген сөздерден кейін «және өзге де тұлғалар» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші сөйлем алынып тасталсын.

оныншы абзац «кірістер» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге көздер» деген сөздермен және «Компаниялардың акциялары пакеттерін сатудан түскен кірістер де инвестициялық қызметті қаржыландыруға жіберіледі» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом