Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1273 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 23 декабря 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 декабря 2007

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына
толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1273 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті туралы ережеде:

10-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы «Қазақстан Республикасының өкілеттігін жүзеге асыру,» деген сөздерден кейін «Халықаралық авиация туралы конвенцияға мүше мемлекеттердің авиациялық биліктері арасындағы ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі және әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын ұстап тұру жөніндегі функциялар мен міндеттерді беру туралы келісімдерді әзірлеу және оларға қол қою,» деген сөздермен толықтырылсын;

11-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) кәсіптік дайындықтың талап етілетін деңгейін ұстап тұру үшін авиация техникасын пайдаланып, Комитеттің авиация мамандарының жаттығуын ұйымдастыруға;»;

12-тармақта:

«көрсете отырып,» деген сөздерден кейін «әуе кемесі экипажының кабинасында болу құқығымен» деген сөздермен толықтырылсын;

«әуе кемесі экипажы кабинасында» деген сөздер «әуе кемесі эксплуатанттарының келісімі бойынша, бос орындар болған кезде жолаушылар салонында» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом