Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 72 Қаулысы (2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датавторник, 30 января 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 12 мая 2008

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу
және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 72 Қаулысы

(2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2. Мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстандағы діни ахуалдың даму үдерістерін зерттеу мен талдауды ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы қызметін ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз ету, дінтану сараптамасын жүргізу болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы  1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:

«7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі»;

2) ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом