«Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау және оны еңсеру
бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 274-ө Өкімі
Осы редакция 2007 ж. 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептеріне талдау жүргізу және оны еңсеру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекшi |
| Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы |
| Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi |
| Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрi |
| Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi |
| Мамин Асқар Ұзақбайұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрi |
| Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi |
| Дунаев Арман Ғалиасқарұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы |