Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2007 ж. 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Индустрия және сауда

министрлігінің Техникалық

реттеу және метрология

комитеті Төрағасының

2005 жылғы 22 сәуірдегі

№ 119 бұйрығымен

бекітілген

 

Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе
сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылу
мерзімін тоқтату немесе күшін жою ережесі
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес әзірленді, берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылу мерзімін тоқтату немесе күшін жою тәртібін белгілейді.

2. Ереже талаптары Қазақстан Республикасы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қызметіне қатысатын сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдарға, олардың қызметін бақылаушы органдарға, сонымен қатар заңды және жеке тұлғаларға міндетті.

3. Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылу мерзімін тоқтатуға немесе күшін жоюға белгілі бір өнімнің сәйкестігі туралы декларацияға тіркеу, сәйкестігін растау жүргізген сәйкестікті растау бойынша органдардың және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың құқығы бар.

 

2. Сәйкестікті растау бойынша органның берілген

сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы

декларациялар тіркеулерінің қолданылу мерзімін

тоқтату немесе күшін жою тәртібі

 

4. Сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларация тіркеуінің қолданылу мерзімі мына жағдайларда тоқтатылуы немесе күшін жоюы мүмкін:

1) белгілі бір өнімнің өндірісі немесе кәсіпорын қызметінің тоқтатылуына байланысты сәйкестікті растау бойынша органның және өтінім берушінің өзара келісімі бойынша;

2) сертификатталған өнімге жүргізілген инспекциялық тексерістің теріс нәтижелері бойынша;

3) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылаудың теріс нәтижелері бойынша.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом